«Екеуі де бөпе ғой»: 2007 жылғы жас жұбайлардың тойы қызу талқыға түсті

Редактор
22.08.2025, 10:00
«Екеуі де бөпе ғой»: 2007 жылғы жас жұбайлардың тойы қызу талқыға түсті
Желіде 2007 жылғы жас жұбайлардың шаңырақ көтерген видеосы жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде 2007 жылғы жас жұбайлардың шаңырақ көтерген видеосы тарап, оқырман арасында қызу талқыға түсті, – деп жазды bairaqmedia.kz.

Оқырмандардың бірі олардың небәрі 18 жаста үйленгенін ерте деп санаса, енді бірі бақыт тілеп жатыр.

«Неге сонша асықтыңдар екен», «Әлі кішкентай балалар ғой», «Мәз-мейрам болып тұр, жарасымды жұп», «Жалпы, қарсымын, тым жас, ұлым 2008. Не біледі бұлар, әлі бала ғой», «Бақытты болсын, сүйкімді екеуі де», – деп жазды желі қолданушылары.