Дұрыс ұсталмаған 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды

Редактор
3 февр. 2025 г., 20:39
Дұрыс ұсталмаған 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды

Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқару саласында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, олар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді елемеген. Атап айтқанда, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеген.

Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға да қайтымсыз әсер етуі мүмкін. Қабылданған шаралардың арқасында жосықсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылды, ал 20 млрд теңгеден астам сомаға мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды, – делінген хабарламада.

Қазір прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар су объектілерін көп факторлы техникалық тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.