«Дропперлер»: Астанада аляқтардан 22,3 млн теңге өндірілді

Редактор
05.03.2025, 15:02
«Дропперлер»: Астанада аляқтардан 22,3 млн теңге өндірілді
Астанада аляқтардан 22,3 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

 Астанада аляқтардан 22,3 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қала прокуратурасының мәліметінше, қазір қылмыскерлердің «дропперлерді» қылмыстық мақсатта пайдаланатын алаяқтық фактілері жиілеген. Негізгі схемаларға «дропперлер» заңсыз жолмен алынған ақшаны алаяқтарға өз шоттары арқылы аударады немесе банк карталарын береді, осылайша нағыз қылмыскерлердің іздері жасырылады.

Алаяқтар алдау арқылы жәбірленушінің 3,6 млн теңгесін иемденген. Оның 1,6 млн теңге сомасындағы бір бөлігі «дроппердің» шотына аударылғаны анықталды. Жәбірленуші Азаматтық кодекстің 953-бабы тәртібінде негізсіз байлықты «дропперден» өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот қарауының нәтижесі бойынша жәбірленушінің талап-арызы қанағаттандырылды, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, елордада өткен жылы сот 54,7 млн теңгеге 10 талап-арызды қанағаттандырды. Биыл сот 22,3 млн теңгеге 6 талап-арызды қанағаттандырды.

«Дропперлердің» алаяқтыққа қатысы бар екені анықталса, олар сыбайлас ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Қала прокуратурасы азаматтарға оңай табыс табу туралы ұсыныстардан сақ болуды, жеке деректерді бермеуді және мұндай схемаларға қатысудан бас тартуды ұсынады. Осы фактілер бойынша талап қою тәртібі туралы ақпарат алу үшін полицияға немесе прокуратураға хабарласуды ұсынамыз, – деді прокуратура өкілдері.