Дәулет Мұқаевқа жаппай тұсау кескізгендер қатарында 38 жастағы көпбалалы ана да болды деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Алдымен Мәжіліс депутаты Instagram-дағы парақшасында сәуір айында "оптом" тұсау кесемін деп хабарландыру берген. Мұны естіген 50 адам дереу кезекке тұрған. Депутаттың өзі мұнша адам 12 минуттың ішінде жазылып үлгергенін айтты. Ырымдап Мұқаевқа тұсауын кескізгендер қатарында көпбалалы ана да болды. Ол бұл туралы көптен армандаған екен.
Өзінің өтініші бойынша, 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кестім. Ақ жол. Бастысы оқырманымның гештальті жабылды, арманы орыдалды, - деп жазды Дәулет Мұқаев.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты оқырмандарына келесі тұсау кесу рәсімі Астанада мамырда болатынын құлаққағыс еткен.