7 ақпанға қараған түні Атырауда жантүршігерлік қылмыс тіркелді.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, әйелді өлтіріп, содан кейін оның денесін бөлшектеп, қалған бөлігін өртеп жіберген. Оқиға орнынан бас сүйегінің бір бөлігі мен жамбас сүйегі табылған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, бірқатар тергеу шарасы жүргізіліп жатқанын хабарлады.
62 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің 35 жастағы туысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады М.Ердәулет.