Жезказғанда қоқыс жәшігінен денесі бөлшектелген адам табылған еді. Полиция денесі қапқа салынған адамның жеке басын анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz
Полицияның мәліметінше, қаза тапқан адамның аты-жөні - Дмитрий Баранов. 39 жаста.
Оқиға 30 қаңтар түнде Байқоңырова көшесі, 46/1 үйдегі пәтердің бірінде болған. Дмитрий Баранов Светлана Дмитриева мен оның ері Владимир Самохинмен бірге ішімдік ішкен.
Бір сәтте ол әйелге тиісіп, оны ас үй пышағымен қорқытқан. Тергеу нұсқасы бойынша, Дмитриева үстелден пышақты алып, Барановты мойыннан жарақатаған.
Ер адам оқиға орнында көз жұмады. Содан кейін ол әйел денені бөлшектеп, Самохинмен бірге оны үйдің артына апарып, қоқыс жәшігіне тастай салған.
Полиция тергеуді жалғастырып, қылмыстың барлық жай-жапсарын анықтауда.