$ 486.47
 554.77
 6.26

Дебютант Кабо-Верде футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Редактор
27.06.2026, 13:30
Фото: әлемдік БАҚ
Фото: әлемдік БАҚ
Африкалық құрама топтық кезеңдегі соңғы ойында Сауд Арабиясымен тең түсті

H тобының үшінші турындағы кездесу АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «Эн-Ар-Джи» стадионында өтті. Матч барысында есеп ашылған жоқ – 0:0, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ойын статистикасы бойынша Кабо-Верде құрамасы шабуылда белсендірек болды. Команда 15 соққы жасаған, ал Сауд Арабиясы жеті рет қақпаға бағыттаған. Дегенмен қақпаға дәл тиген соққылар саны бойынша саудиялықтар басым түсті – 3:2.

Бұл Кабо-Верденің топтық кезеңдегі қатарынан үшінші тең ойыны болды. Үш ұпай жинаған африкалық құрама H тобында екінші орын алып, әлем чемпионатындағы дебюттік маусымында-ақ плей-офф кезеңіне жолдама иеленді.

Енді 1/16 финалда Кабо-Верде турнирдің қазіргі чемпионы Аргентина құрамасымен кездеседі.

Ал екі ұпай еншілеген Сауд Арабиясы қосымша көрсеткіштер бойынша Уругвайдан қалып, төртінші орынмен жарысты аяқтады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау