Мәжіліс депутаты, әйгілі спортшы Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы президенті лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Иорданияда өткен федерацияның бас ассамблеясында жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті енді Мохаммед Әл-Авамала атқарады. Иорданиялық маман аталмыш ұйымды 2028 жылға дейін басқарады.
Дәулет Тұрлыханов аталған қызметті 2017 жылдың мамырынан атқарып келді.
Иордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.