$ 446.56
 512.34
 5.3

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

Редактор
16.07.2026, 20:24
коллаж  Bairaqmedia.kz
коллаж  Bairaqmedia.kz
2026 жылды тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жарияланды.

Еліміздің танымал футболшысы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен белгілі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады.

Айтулы бастама халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тауып, әлем елдері бірауыздан жанашырлық, ынтымақ пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға жұмылды.