$ 456.88
 534.64
 5.47

«Далаға киім жайған үшін»: Қостанайда қос қайын әпке келіне қоқан-лоқы көрсеткен (ВИДЕО)

Редактор
24.08.2026, 12:10
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Журналист бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қайын әпкелерінің әрекетін сынға алды

Қостанайда жас келін екі қайын әпкесі тарапынан қысым көргенін айтып, полицияға арызданды. Оқиға туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады  Вairaqmedia.kz.

Журналистің мәліметінше, келін бұған дейін де қайын әпкелерінен бірнеше рет қысым көргенін айтқан. Бұл жолғы жанжал келіннің далаға киім жаюынан кейін болған көрінеді.

«Келін далаға киім жайғаны үшін қоқан-лоқы көрсетіп, отырған үйінің терезесін шағып кеткен қос қайын әпке», – деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Жарияланған кадрлардан үй терезелерінің әйнегі сынғанын көруге болады. Автордың сөзінше, болған жағдайдан кейін жас келін полицияға жүгінген.

Журналист бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қайын әпкелерінің әрекетін сынға алды.

«Қайын әпке деген мәртебесі болмаса, екеуі де жап-жас қыздар сияқты. Сонда өздері келін емес пе? Әлде қыз өсірмей ме?» – деді ол.

Сонымен қатар Гүлмира Әбіқай тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударды. Ол Атырауда күйеуінен соққы көрген жүкті әйел мен Шымкентте жолдасынан жәбір көрген тағы бір әйелдің көмек сұрап жатқанын атап өтті.

Әзірге Қостанайдағы жағдайға қатысты полицияның ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау