2025 жылғы 12 мамырда Ақтөбе облысы “Жайсан” автокөліктік бақылау бөлімінде шекарашылар заң бұзушы мигранттардың жолы кесілді деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді. Транзиттік Ресей Федерациясына бағыт алған жүк көлігін тексеру кезінде, тиелген жүк арасынан, яғни, 22 тоннаға жуық Coca-Cola сусынының арасынан Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 29 шетел азаматы анықталған.
Аталған дерек жөнінде Қылмыстық кодекстің 394-бабы (Заңды емес көші-қонды ұйымдастыру) бойынша ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ҰҚК Шекара қызметіұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады, - делінген хабарламада.