Бұрынғы Қорғаныс министрі ұсталды – БАҚ

Редактор
10.06.2025, 20:05
Бұрынғы Қорғаныс министрі ұсталды – БАҚ
Екі күн бұрын ол министр лауазымынан босатылған болатын

Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. Выход к правде арнасына сілтеме жасап.

Ақпарат көзіне сәйкес, 10 маусымда Қазақстан Республикасының бұрынғы Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Фатихұлы Жақсылықов қамауға алынып, Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

Еске сала кетсек, 8 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі лауазымынан босатқан болатын.