$ 446.56
 512.34
 5.3

Бурабайда квадроцикл аударылып, жас қыз мерт болды

Редактор
08.07.2026, 12:07
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Тергеу аясында полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ақмола облысы Бурабай ауданында 22 жастағы Астана тұрғыны квадроцикл апатынан көз жұмды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 7 шілдеде 22 жастағы Мәскеу тұрғыны Зеленый Бор мен Бурабай ауылдары арасындағы жол учаскесінде квадроцикл жүргізіп келе жатып, рульге ие бола алмай, аударылған. Ол алған жарақатыан оқиға орнында қайтыс болған", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

Квадроцикл жолаушысы (Астана тұрғыны, 2007 жылы туған) медициналық көмекке жүгінді.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, соның ішінде квадроциклдерді жалға беру дүкенінің жұмысын, жабдықты жалға алу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын және қайғылы оқиғаға әкеп соққан басқа да ықтимал себептерді тексеруде.