БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі жасөспірім қаза тапты

Редактор
21.04.2025, 22:16
БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі жасөспірім қаза тапты
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында бүгін сағат 11.00 шамасында жол апаты болды. Одан екі жасөспірім қаза тапқан.
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында бүгін сағат 11.00 шамасында жол апаты болды. Екі жасөспірім сол жерде қаза тапқан деп хабарлайды bairaqmedia.kz
 

Оқыс оқиға Переметное мен Белес ауылдарын жалғап жатқан жолда орын алған. JAC N56 жүк көлігі мен ВАЗ-2110 жеңіл автомобилі бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан соңғы көліктегі 2008 және 2010 жылғы екі жасөспірім оқиға орнында қаза тапқан. Кәмелетке толмағандардың бірі рөлде отырған.

Қазір жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның орын алу себебі мен жай-жапсарын анықтап жатырмыз. Полиция департаменті марқұмдардың ата-анасына қайғыра көңіл айта отырып, ата-аналардан қауіпсіздік мәселесіне немқұрайлы қарамауын, кәмелетке толмағандарға көлік тізгінін тапсырмауын сұрайды, - деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті.