Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді деп болжанып отыр.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с.
Астана қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Астана қаласында ауа райы күндіз +4+6 °C, ал түнде -5-7 °C болады.
Алматы қаласында күндіз +13+15°C жылы, түнде +2+4 °C болады.
Шымкент қаласында күндіз +18+20°C, түнде +3+5 °C жылы.