«Боқтап сөйлескенмін»: Діндар қыздар құдаймен қалай сөйлескендерін айтты

Редактор
27.08.2025, 11:00
«Боқтап сөйлескенмін»: Діндар қыздар құдаймен қалай сөйлескендерін айтты
Әлеуметтік желіде діндар қыздар өздерінің Алламен «сөйлескендері» туралы айтып, әзілдескен видео тарады деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде діндар қыздардың Алламен «сөйлескендері» туралы айтып, әзілдескен видео тарады, - деп жазады bairaqmedia.kz.

Оранған бойжеткен жайнамаз үстінде қолын жайып дұға оқып отырған сәтінде күлкі қысып кеткендей әзіл видео түсірген. Ал оған жазылған пікірлер сан түрлі. Қыздың әрекетін бірі қолдап жатса, бірі әдеп болуы керек деп сынға алған.

«Күні бойы нестегенімді жыртылып айтып жатып, «сен бәрібір де көреді екенсің ғой» дегенім бар», «Сен деп кетесің ғой, кейін ұялып сізге көшемін»,«Біреуге деген өкпемді айтамын деп өсектеп кеткенім бар», «Боқтап сөйлескенім әлі есімде», «Армандар картамды көрсетіп жылайтыным бар еді», «Бұлай да бола ма не? Мен сұрағанда түр жасап аламын ғой. Күлкі бәрін жинастырып, түрімді реттеп барып сұраймын ғой», «Сәл-пәл әдеп болу керек шығар, бәлкім. Сіз патшаның алдына барып алып өстіп отырмасыз ғой. Ал АЛЛА одан да ұлық болған зат қой. Дұғада әдеп бар»-деп жазып жатыр пікір білдірушілер.