Бокстан 2025 жылғы әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтеді

Редактор
23 янв. 2025 г., 16:39
Бокстан 2025 жылғы әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтеді

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, күнтізбе бойынша 2025 жылғы әлем кубогының екінші кезеңі елімізде ұйымдастырылады. Турнир 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.

Бокстан Әлем кубогы - ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы.

Сондай-ақ, биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында финалдық бәсекелер орын алмақ.

Ал, 2025 жылғы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды.