Құқық қорғау органдары Павлодарда кісі өлтірген күдіктіні Ресей Федерациясында анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациянің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстанның азаматы, бизнес серіктесін өлтіргені үшін күдікті ретінде жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды.
Ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға биыл ақпанда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйітін тапқан кезде болған.
Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазір прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін шаралар қабылдап жатыр, – делінген хабарламада.
Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.