Биыл 11-сынып түлектеріне «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы 23-24 мамырда өтеді, деп хабарлайды
Bairaqmedia.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындыламақ. 217 мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді.
Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні – 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі, – делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтіні атап өтілді.