Биыл шаруаларға арзан несие беру науқанын қаржыландыруға 700 млрд теңге бөлінеді

Редактор
28 янв. 2025 г., 18:31
Биыл шаруаларға арзан несие беру науқанын қаржыландыруға 700 млрд теңге бөлінеді

Биыл шаруаларға арзан несие беру науқанын қаржыландыруға 700 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, былтыр экономиканың басқа салаларына қарағанда ауыл шаруашылығы даму қарқыны бойынша алға шыққан.

Бұған көктемгі егіс науқанына берілетін арзан несие көлемін едәуір арттырудың арқасында қол жеткіздік. Биыл осы науқанға кемінде 700 миллиард теңге бөлу керек. Арзан несиені малшыларға және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілерге берген жөн. Тиімділігі төмен субсидиялау тәсілінен жеңілдікпен несие беру тәсіліне көшу қажет. Мен бұл мәселе жөнінде осыған дейін де айттым. Осы міндетті орындау керек, – деді президент.

Мемлекет басшысы көбірек табыс әкелетін дәнді-дақылға көшуді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ шикізатты сақтау және оны терең өңдеу мүмкіндіктерін арттыру маңызды. Өнімді шетелге шығаруға қолдау көрсету керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.