Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін заманауи форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
18 мектеп сыбайлас жемқорлықтан түскен қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша ашылған.
Қалған 55 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен ашылады. Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.