Бишімбаев ісін жүргізген судья шахмат турнирінде үздік атанды

Редактор
18.03.2025, 20:30
Бишімбаев ісін жүргізген судья шахмат турнирінде үздік атанды
Жарысқа cот әкімшілігінің, Әскери сотының, қалалық және аудандық соттардың командалары қатысты

Асқан қатыгездікпен әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Күлбаева Астанада өткен шахмат турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қазақстанның судьялар одағының Астана қаласы бойынша филиалы волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Жарысқа cот әкімшілігінің, Әскери сотының, қалалық және аудандық соттардың командалары қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, жеңіске деген құлшыныс үшін бірқатар қатысушы марапатталды.

Әйелдер арасында I орын – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Кульбаева;  II орын – Астана қаласының ювеналды сотының төрағасы Лейла Зинашева, - делінген сот хабарламасында.