Бірнеше облыста терроризмді насихаттаған радикалдар ұсталды (ВИДЕО)

Редактор
18 февр. 2025 г., 18:30
Бірнеше облыста терроризмді насихаттаған радикалдар ұсталды (ВИДЕО)

Биылғы 17 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен әрі полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, терроризмді әлеуметтік желі арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталған.

 

 

Олардың тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.