Бірнеше ауыл су астында қалды: жауапты компания басшысына сот үкімі шықты

Редактор
7 февр. 2025 г., 19:24
Бірнеше ауыл су астында қалды: жауапты компания басшысына сот үкімі шықты

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында «Мағаджан» бөгетінің жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компанияның директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шара қабылдамаған

2024 жылғы 4 сәуірде бөгеттің жарылуы салдарынан Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдары су астында қалып, азаматтардың мүлкі мен инфрақұрылымға зиян келтірілді

Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-тің 254-бабы («Мiндеттерiне адал қарамау») бойынша кінәлі деп танылып, су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге 3 жылға тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, – делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.