$ 457.21
 534.62
 6.08

Белгілі дәрігер Бақыт Түменова өмірден өтті

Редактор
29.04.2026, 17:46
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
«Аман-Саулық» қорының президенті өмірден өтті.

Белгілі дәрігер, КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі, "Аман-Саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова дүниеден өтті. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жеткізді.

Бақыт Түменова 1966-1972 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтында педиатрия мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1972 жылы Семей қаласындағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында бастап, дәрігер, бөлім меңгерушісі және бас дәрігер қызметтерін атқарды (1972-1986).

1986-1994 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасында ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасар, кейін емдеу ісі бойынша бірінші орынбасар болды. 1994-1998 жылдары облыс әкімінің аппаратында Семей ядролық сынақ полигоны зардаптарын жою, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімдерін басқарды.

1998-2001 жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

2007 жылдан бері "Аман-Cаулық" қоғамдық қорының президенті болды.