Батыс Қазақстанда тұрғын үйде екі адам өртеніп кетті

Редактор
9 янв. 2026 г., 22:15
Батыс Қазақстанда тұрғын үйде екі адам өртеніп кетті
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Көшім ауылында екі адам өртеніп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
 
Қайғылы жағдай 7 қаңтар сағат 20:11-де болған.
 
5 шаршы метр аумақ өртенген. Өрт сөндірушілер мен полиция екі адамның мәйітін алып шықты, - дейді құтқарушылар.
Марқұмның бірі әйел, екіншісі ер адам. Олардың кім екені анықталып жатыр, дейді төтенше жағдай мамандары.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда. Өрт-техникалық сараптама жасалады.