Астананың «Барыс» хоккей командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы өз алаңындағы матчта Ярославльдің «Локомотивімен» кездесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ойын барысында бірінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Ал екінші кезеңде қонақтар жауапсыз 3 шайба соқты. Соңғы кезең де құрғақ есеппен өтіп, ойын 0:3 есебімен аяқталды. Сөйтіп, қазақстандық клуб қатарынан 11-ші матчта ұтылып отыр.
Енді «Барыс» 23 қаңтарда өз алаңында Владивостоктың «Адмирал» командасын қабылдайды.
Айта кетейік, астаналық клуб ҚХЛ-да 48 ойыннан кейін 25 ұпаймен Чернышев дивизионында соңғы орында келеді.