$ 473.4
 539.39
 6.07

Барселона метросындағы өрттен 136 адам зардап шекті

Редактор
28.07.2026, 10:08
Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Метро желісіндегі қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Барселона метросындағы пойызда болған өрт салдарынан 136 адам жарақат алды, деп хабарлады Ваiraqmedia.kz.

Бұл туралы жергілікті өрт сөндіру қызметі мәлімдеген.

«Өрт сөндірушілер құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге пойыздағы жолаушыларды эвакуациялап, шағын өрт ошағын анықтады. Ол жедел түрде сөндірілді. Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері 136 адамға көмек көрсетті, олардың 39-ы жеңіл немесе орташа ауырлықтағы жағдайда ауруханаларға жеткізілді», – делінген өрт сөндіру қызметінің сайтындағы мәлімдемеде.

Оқиғаның салдарын жою үшін зардап шеккен метро желісіндегі қозғалыс уақытша тоқтатылғаны атап өтілді.