Әлеуметтік желіде өзінің тренд видеолары арқылы танымалдылыққа ие болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза «бәрін тоқтаттым» деп көпшілікті алаңдатып қойды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
"Бәрін тоқтаттым. Мектеп. Қызмет. Әлеуметтік желі. Келесі қадам???", - деп жазды ол.
Директордың бұл сөзіне түсінбеген жұрт пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса, енді бірі сынап жатыр.