Балқашта өтіп жатқан Balkhash Tour Fest-2026 фестивалі екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына сан түрлі ойын-сауық бағдарламаларын ұсынады. Белсенді демалысты ұнататындар үшін ондаған спорттық алаң мен жарыс ұйымдастырылған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Фестивальдің ерекше сайыстарының бірі – алып дженга ойыны. Қатысушылар көл жағасында ең биік мұнара тұрғызудан сынға түседі. Сонымен қатар бағдарламада ярко-кросс, мас-рестлинг, Сергей Цырульниковтың интерактивті күш шоуы, ашық суда жаппай жүзу жарысы мен жағажай волейболы бар.

Биылғы фестивальдің жаңалығы – жасанды интеллектке арналған арнайы аймақ. Мұнда қонақтар робот-қақпашымен ойнап, өз шеберліктерін сынай алады.

Гастрономия әуесқойлары үшін де ерекше тосынсый әзірленген. Ұйымдастырушылар ең үлкен қазыбургер дайындап, Қазақстан рекордын жаңартуды мақсат етіп отыр.

Фестиваль аумағында фудкорттар, қолөнершілер жәрмеңкесі, ашық аспан астындағы кинотеатр, отбасылық және шығармашылық аймақтар, сондай-ақ көбік кештері ұйымдастырылған. Кешкі концертте Miras Zhugunussov, AYAU, Bellucci, Domino, Нұрлан мен Мұрат және Qazaq Band өнер көрсетеді.

Балаларға арналған арнайы бағдарламада аниматорлар мен «Маша мен Аю» мультфильмінің кейіпкерлері қатысады. Ал қала тұрғындары мен қонақтарының қолайлығы үшін Жастар гүлзарынан фестиваль аумағына дейін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін тегін автобустар қатынайды.

Balkhash Tour Fest-2026 жазғы маусымның ең жарқын оқиғаларының біріне айналып, демалыс, спорт, технология және мәдениетті бір алаңда тоғыстырды.