Қазақстанда кәмелетке толмағандардың бейәдеп сөзі үшін жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz
Енді баланың қоғамдық орында немесе әлеуметтік желіде айтқан балағат сөздері үшін ата-ана немесе заңды өкіл жауапқа тартылады.
Қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша, көпшілік алдында ар-намысты қорлау (ауызша не жазбаша) — әсіресе балағат сөздермен — 100 АЕК-ке дейін (393 200 теңге) айыппұлға немесе 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа әкеп соғуы мүмкін.
Ал көшеде бейәдеп сөз айтылса, бұл ұсақ бұзақылыққа жатады. Оған келесідей жаза түрлері қарастырылған:
Айта кетсек, баланың жасы өскен сайын жаз түрі де өзгереді:
Интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде балағат сөз жазу, қорлау немесе буллинг жасау үшін айыппұл мөлшері 200 АЕК-ке дейін жетеді — бұл 786 400 теңге.
Полиция әр жағдайды жеке зерттейді. Дәлел ретінде куәгерлердің сөзі, аудио/видео жазба, жазбаша мәтінге жасалған лингвистикалық сараптама қаралады.