Баланы жолдан қалдырғаны үшін Air Astana 5 млн теңге моральдық шығын өтейді

Редактор
29 окт. 2024 г., 17:05
Баланы жолдан қалдырғаны үшін Air Astana 5 млн теңге моральдық шығын өтейді

Бұл туралы егіздің анасы Жазира Мусина өзінің әлеуметтік парақшасына жазып, арты шуға айналған еді, деп хабарлайды kazinform.

Сот Air Astana әуе компаниясына Зеренің анасына 5 000 000 теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттеді», — деп жазды Дәнілхан Шағатаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында. Дәнілхан Шағатев Зеренің анасы Жазира Мусинаның адвокаты.  

Осы оқиғадан соң адвокат Дәнілхан Шағатаевтың айтуынша, әуе компаниясы бастапқыда шағымға атүсті қараған, іске қоғамдық наразылықтан кейін мән берген. 

Бұл бірінші жағдай емес, сондықтан біз кәмелетке толмаған жолаушылардың құқықтарын қамтамасыз етуде нақты өзгерістерге қол жеткізу үшін соңына дейін баруға шешім қабылдадық. Қазір комитет түзетулер бойынша жұмыс істеп жатыр», — дейді ол. 

Еске салсақ, келеңсіз жайт биыл тамызда болған еді.  Орал қаласының қос тұрғындары егіз — Зәуре мен Зере Америкадағы тіл мектебінен Астана арқылы кері ұшып шыққан. Елордаға аман жеткен қос жасөспірімнің бірі Астана — Орал бағытында ұшқан «FlyArystan» әуекомпаниясының ұшағынан қалып қойған. 

Кейін FlyArystan басшысы Оралда егіздердің анасы Жазира Мусинамен кездесті.

Араға уақыт салып FlyArystan басшысы баланың әуежайда қалып қою оқиғасына қатысты кешірім сұрады.