«Балам ешкімге көнбейді»: Түркістанда депутат кішкентай баласымен мектептегі санитарлық жағдайды тексерді

Редактор
30 янв. 2026 г., 16:17
«Балам ешкімге көнбейді»: Түркістанда депутат кішкентай баласымен мектептегі санитарлық жағдайды тексерді

Түркістан облысының мәслихат депутаты Нұрайым Шақимерген Сәкен Сейфуллин атындағы мектептегі санитарлық жағдайға байланысты тұрғындардан бірнеше рет шағым түскенін мәлімдеді.

Бір қызығы Депутат шағым түскен мектепке кішкентай баласын ертіп барған.

Депутаттың жазбасына сәйкес, аталған білім ордасында оқу сыныптары дәретханамен іргелес орналасқан. Қазіргі таңда, қыс мезгіліне қарамастан, дәретханадан тарайтын өткір иістің салдарынан балалардың сыныпта отыруы, көз ашып, таза ауа жұтуы мүмкін болмай отыр.

Оның айтуынша, қалыптасқан санитарлық ахуал оқушылардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Депутат кішкентай баласын қалдыратын ешкім болмаған соң бірге алып баруға мәжбүр болғанын айтқан.