«Балаларым өзіме мүлдем ұқсамайды»: Танымал актер әйеліне күдіктенгенін айтты (ВИДЕО)

Редактор
20.08.2025, 16:42
«Балаларым өзіме мүлдем ұқсамайды»: Танымал актер әйеліне күдіктенгенін айтты (ВИДЕО)
«Шаншар» театрының әртісі Ғалымжан Қаппаров сұхбат барысында отбасында болған қызық сәттерін айтып берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Шаншар» театрының әртісі Ғалымжан Қаппаров сұхбат барысында отбасында болған қызық сәттерін айтып берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол туған балаларының өзіне ұқсамайтынын айтты.

«Менің төрт балам бар. Ең қызығы — олардың ешқайсысы маған ұқсамаған. Төртеуінің де өңі ашық, өзі жіңішке келген. Үйге келген кісілердің бәрі: "Балаларың саған мүлде ұқсамайды ғой" деп айта береді. Адам әр жолы сол сөзді естігенде біртүрлі күйге түседі екен. Кейде өзім де әйелімнен күдіктенгендей болдым. Бірақ күдіктенуге еш негіз жоқ еді — ол күндіз де, түнде де жанымда. Төрт ұлдан кейін арнайы туу күнтізбесін қолданып, қыз күткенбіз. Аллаға шүкір, қазір өзімнен айнымайтын қызым бар. Өзім оны қалжыңдап "Тайсонның қыз нұсқасы" деп атаймын», — деп күлді актер Ғалымжан Қаппаров.