Балабақшаға орын алып беруге уәде берген алаяқ ата-аналардың 1 млн теңгесін жымқырған

Редактор
12.06.2025, 15:35
Балабақшаға орын алып беруге уәде берген алаяқ ата-аналардың 1 млн теңгесін жымқырған
Жәбірленушілерге келтірілген шығындар жартылай қайтарылды

Астана тұрғыны баласын балабақшаға орналастыруға үміттенген отыздан аса ата-ананы алдап, олардың ақшасын иемденген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, ол өз құрбандарын 2ГИС мобильді қосымшасындағы «Пікірлер» бөлімінен тапқан. Онда ата-аналар балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға көмектесу туралы өтініштерін қалдырған. Осындай хабарламаларды көріп, ол ата-аналармен байланысқа шығып, өзін «делдал» ретінде таныстырып, сыйақы үшін «Indigo24.kz» жүйесі арқылы балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтқан. Қаражатты алған соң, жасырынған.

30-дан астам алаяқтық фактісі анықталып, келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асқаны белгілі болды. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді және жәбірленушілерге келтірілген шығындарды жартылай қайтарды, қалған шығын одан өндірілді. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.