«Баға шарықтап барады»: Діни басқарма дәмханаларда қолжетімді ауызашар мәзірін ұсынуға шақырды

Редактор
12.03.2025, 17:02
«Баға шарықтап барады»: Діни басқарма дәмханаларда қолжетімді ауызашар мәзірін ұсынуға шақырды
Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс, дейді Басқарма

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы дәмханалардың иелерін қолжетімді ауызашар мәзірін ұсынуға шақырды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Діни басқарма өкілдерінің айтуынша, соңғы кезде еліміздегі бірқатар мейрамхана, кафелер мен дәмханалардың иелері ауызашар мәзірінің бағасын өте жоғары ұсынып, халық арасында түсінбеушіліктің туындауына себепші болып отыр.

Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді. Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуге тиіс.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейрамхана, кафелер мен тамақтану орындарының иелеріне халыққа қолжетімді қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырады, – делінген ҚМДБ хабарламасында.