Азия ойындары: хоккейден әйелдер құрамасы тағы да жеңіске жетті

Редактор
13 февр. 2025 г., 22:00
Азия ойындары: хоккейден әйелдер құрамасы тағы да жеңіске жетті
Хоккейден әйелдер құрамасы Қытайды жеңіп, жүлдеге бір табан жақындады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында жарыс қожайынын ұтқан.
 
Қазақстан - Қытай, есеп: 2-1.

Екінші айналымда шабуылшы Надежда Филимонова мергендік танытып, командамызға басымдық сыйлады. Ал шешуші кезеңде қарсылас таразы басын теңестіріп үлгерді. Шешуші кезеңде Александра Шегай жеңіс шайбасын торда тулатты.

Енді ертең шешуші матчта Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш сынасады. Ойын сағат 7:00-де басталады.