Азиада-2025: неше жүлде бұйырды?

Редактор
15 февр. 2025 г., 16:00
Азиада-2025: неше жүлде бұйырды?

Кеше ғана аяқталған Харбиндегі Азия ойындарына елімізден 10 спорт түрі бойынша 137 спортшы (72 ер, 65 әйел) барды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Спорт және дене шынықтыру комитеті қазақстандық спортшылардың халықаралық додадағы жетістіктерін жариялады.

Неше жүлде бұйырды?

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қоламен жалпы есепте 4 - орын алды. Оның ішінде 85 (43 ер және 42 әйел) спортшымыз жүлде тұғырына көтерілді.

Тау шаңғысы, кёрлинг, ски-альпинизм спортынан мүлде жүлде алынбады.

12 жерлесіміз бірнеше медальдің иегері атанды:

1 алтын, 1 күміс – Владислав Киреев (биатлон)
1 алтын, 1 күміс – Шерзод Хаширбаев (фристайл-акробатика)
1 алтын, 1 күміс – Әділ Ғалиахметов (шорт-трек)
1 алтын, 1 күміс – Денис Никиша (шорт-трек)
1 алтын, 1 күміс – Абзал Әжіғалиев (шорт-трек)
2 күміс –Алина Ажғалиева (шорт-трек)
2 күміс – Яна Хан (шорт-трек)
2 күміс – Ольга Тихонова (шорт-трек)
2 күміс – Малика Ермек (шорт-трек)
1 күміс, 2 қола – Аяна Жолдас (фристайл-акробатика)
1 күміс, 1 қола – Константин Борцов (биатлон)
2 қола – Олжас Климин (биатлон)

Қай облыс көш бастады?

  1. Астана қ. - 17 алтын, 12 күміс,  2 қола;
  2. Ақмола обл. - 1 алтын, 11 мар күміс, 4 қола;
  3. Қарағанды обл. - 1 алтын, 3 күміс;
  4. Шымкент қ. - 1 алтын, 2 күміс, 4 қола;
  5. Қостанай обл. - 1 алтын, 2 қола;
  6. Павлодар обл. - 1 алтын, 1 қола;
  7. Алматы қ. - 11 күміс, 1 қола;
  8. ШҚО - 10 күміс, 2 қола;
  9. Абай обл. - 2 күміс;
  10. БҚО -  2 күміс;
  11. Алматы обл. - 1 күміс;
  12. СҚО - 1 қола.