Әзербайжан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Редактор
16 окт. 2025 г., 21:04
Әзербайжан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі.

"Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Ресейге мемлекеттік сапармен барады.

Жақында Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындық барысын талқылады.