Қостанайда автобуста әйелді ұрып-соққан ер адамға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, жергілікті маршруттық автобустардың бірінде жанжал туындап, оның барысында ер адам әйелді ұрып-соққан. Қоғамдық көліктің басқа жолаушылары әйелді қорғамақ болып, оған араша түскен.
Полиция қызметкерлері жеке басын анықтап, 61 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамға қатысты полиция қоғамға деген құрметсіздік білдіретін және зорлық-зомбылыққа әкеп соққан бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.