«Ауыл» партиясы «Таза Қазақстан» акциясына қолдау көрсетті

Редактор
30.07.2025, 00:16
«Ауыл» партиясы «Таза Қазақстан» акциясына қолдау көрсетті
«Ауыл» партиясының Астана қалалық филиалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, «Таза 25 шақырым» атты тазалық...

«Ауыл» партиясының Астана қалалық филиалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, «Таза 25 шақырым» атты тазалық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Іс-шара Талапкер ауылы маңында өткізіліп, табиғатты қорғауға бағытталған волонтерлік бастамаларды қолдау мен жастардың экологиялық мәдениетін арттыруды мақсат етті.

Партия Президент бастамаларын тұрақты түрде қолдап келеді.

Бұл жолғы экологиялық акцияға елуден астам жас қатысып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығына назар аударды.

Шара аясында қатысушылар «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін айқын көрсетіп, өз үлестерін қосты.