$ 457.21
 534.62
 6.08

Australian Open: Рыбакина екінші айналымға өтті

Редактор
14.01.2025, 18:06
instagram.com/@lenarybakina
instagram.com/@lenarybakina
Қазақстандық спортшы бірінші айналымда 16 жастағы Эмерсон Джонспен кездесті

Елена Рыбакина бірінші айналымда 16 жастағы аустралиялық Эмерсон Джонспен кездесті.

Айта кетсек, жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде бірінші орында тұрған Эмерсон Джонс «Үлкен дулыға» турниріне алғаш рет қатысты.

Елена Рыбакина бастапқы сетті аяқтауға 26 минут уақыты кетті – 6:1.

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қарсыласының қателігін пайдаланған Рыбакина брейкке қол жеткізді. Матчты тағы бір брейкпен аяқтады – 6:1.

54 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 11 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Джонс эйс те, брейк те жасай алған жоқ. 

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 191-ракеткасы, 17 жастағы америкалық Ива Йовичпен таласады.