Әлемге әйгілі британдық Blue тобының мүшесі әуежай қызметкерін құтқарған қазақстандыққа алғыс айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Кеше Алматыда британиялық Blue тобының концерті өткен еді. Оның барысында топ мүшесі Саймон Уэбб Алматы әуежайында болған оқиғада жанқиярлығымен көзге түскен Мұса Әбдірайымға алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.
Мына адам бәрімізге батыр болудың қандай екенін көрсетті... Сізге көп рақмет! – деді Саймон Уэбб.
Сол кезде Мұса Әбдірайым орнынан тұрып, залдағы көрермендерге амандасты.
Еске сала кетсек, 7 наурызда Алматы әуежайында ер адам тексеру қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған. Сол сәтте Мұса Әбдірайым қызға араша түсіп, қаскөйді ұстауға көмектескен болатын.
Аталмыш жағдай туралы хабар алған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев батырды марапаттауды тапсырды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ, әйелді кепілге алуға жол берген қауіпсіздік қызметі де жауапқа тартылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлінің орынбасары Санжар Әділов айтты.