Атырауда қайырымдылық ұйымы жасөспірімдерге экстремистік әдебиет таратқан

Редактор
14 янв. 2025 г., 18:23
Атырауда қайырымдылық ұйымы жасөспірімдерге экстремистік әдебиет таратқан

Атырауда қайырымдылық ұйымдарының бірінде жасөспірімдерге діни араздықты насихаттайтын әдебиет таратылғаны анықталды.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында таратылған материалдар Қазақстан аумағында пайдалануға тыйым салынған.

Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен қайырымдылық мекемесі ҚР ӘҚБтК-тің 453-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, – делінген қала прокуратурасының хабарламасында.

Бұған қоса, тиісті рұқсат құжаттарынсыз балаларды діни бағытта оқытып, пансионат ретінде қызмет атқарған.

Осыған байланысты қала прокуратурасының талап арызы негізінде 4 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күші жойылып, пансионаттар таратылды.