Атырауда мектеп директоры оқушыларға ұятсыз қылық көрсетті деп айыпталды

Редактор
02.09.2025, 06:00
Атырауда мектеп директоры оқушыларға ұятсыз қылық көрсетті деп айыпталды
Әлеуметтік желіде бірнеше жыл бұрын Атыраудағы №30 мектепте қызмет еткен азаматтың қаладағы мектептердің бірінің директорын оқушыларға ұятсыз қылық көрсетті деп айыптаған видеосы тарады, деп...
Әлеуметтік желіде бірнеше жыл бұрын Атыраудағы №30 мектепте қызмет еткен азаматтың қаладағы мектептердің бірінің директорын оқушыларға ұятсыз қылық көрсетті деп айыптаған видеосы тарады, деп жазады bairaqmedia.kz.
 
Оның айтуынша, 2013 жылы ол жұмысқа орналасқаннан кейін, директордың орынбасары қандай да бір мерекеге шақырған. Алайда, басқосуға келіп, дастарханға отырғаны ғана есінде, одан кейін таңертең пәтерде жалаңаш күйде оянған.
 
«Пәтерде тағы екі ер адам болды. Завуч маған: «Біздің әлемге қош келдің. Енді сен біздің қатарымыздансың», – деді», – деп еске алады ол.
 
Экс-қызметкер арада 12 жыл өткен соң, бұл оқиғаны ашық айтуға бел буған. Себебі сол кездегі завуч бүгінде қаладағы мектептердің бірінде директорлық қызмет атқарып жүр. Оның сөзінше, бұрынғы басшысы жасөспірім жастағы ұл балаларды тауып беруін жиі сұраған көрінеді.
 
Атырау облыстық Білім басқармасы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.
 
«Әлеуметтік желілерде мұғалімге қатысты тараған ақпарат бойынша басқарма тексеріс жүргізеді. Сонымен қатар хабарламаны жариялаған азаматқа оқиғаны құқықтық тұрғыдан жан-жақты әрі объективті қарастыру үшін құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады», – делінген мәлімдемеде.