$ 477.17
 543.26
 6.01

Ата-аналарға маңызды: 11 жастан асқан қыздарға «Гардасил-9» вакцинасы егіледі

Редактор
31.07.2026, 08:43
Фото: freepik.com
Фото: freepik.com
Мойын обыры секілді онкологиялық аурудан қорғайды

Елімізде 11 жастан асқан қыздар америкалық «Гардасил-9» вакцинасын алатын болды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бүл туралы ktk.kz жазды. Қазақстан америкалық «Гардасил-9» екпесін сатып алды. Бұл арқылы қатерлі ісік, яғни мойын обыры секілді онкологиялық аурудан қорғанбақ.

Алғашқы 160 мыңға жуық доза Қазақстанға биыл маусым айында әкелінген. Оның 90 мыңнан астам мөлшері өңірлік ауруханаларға жеткізілсе, қалған бөлігі тамыз айында тасымалданбақ. Екпенің екінші партиясы да көпке ұзамайды. Қазан, қараша айларында жергілікті ауруханалар сөресін тағы толықтырады. Шамамен 94 мың доза.

Адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу елімізде осыдан екі жыл бұрын басталған. 

Бұл ем-дом шаралары ерікті түрде немесе қыз балалардың ата-анасының рұқсатымен жасалады.

"Бұл вакцинаның, төрт валенттік вакцинасынан айырмашылығы, «Гардасил 4» вакцинасы құрамындағы төрт стереотипке қоса, қосымша бес онкогендік вирустарға қарсы қорғаныш қасиеті бар. Бұл вакцина біздің ұлттық егу күнтізбесіне ешқандай да өзгеріссіз енгізіледі. Егер қыз балалар бұрынғы курсын «Гардасил-4» вакцинасымен бастаса, әрі қарай тоғыз валенттік вакцинамен жалғастыруға болады", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Иммунопрофилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау