«Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

Редактор
14.04.2025, 19:58
«Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған
Прокуратура қылмыстық істі сотқа жіберді

«Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары бюджеттің атқарылуын тексеру барысында прокурорлар анықтаған «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

«КазТрансОйл» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Магистральдық Суағызғысы» квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы жымқыру жасаған деп күдіктеліп отыр, – делінген хабарламада. 

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен тыйым салынған. 

Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.