Елордада биыл 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астананың әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұраймыз, – делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.
Сондай-ақ ведомство өкілдері қосымша ақпарат алу үшін әуе компанияларының телефон номерлерін ұсынды:
- Air Astana
Алматы: + 7 (727) 244 44 77;
Астана: + 7 (7172) 58 44 77;
қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77.
- SCAT +7 (7252) 99 88 80.
- Qazaq Air +7 (727) 356 14 14.
- FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp).
- Астана әуежайы +7 (7172) 702–999.