Елорданың Алматы ауданында насыбай және шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау және жолын кесу мақсатында кезекті рейд жүргізілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, рейд барысында шегілмейтін темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы тұруға бағытталған профилактикалық тәрбие жұмыстары жүргізілген.
Тексеру нәтижесінде бес сауда орнында тыйым салынған өнімдердің сатылғаны анықталды. 250 бума насыбай мен снюс тәркіленді. Дүкен иелеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, – делінген хабарламада.
Мұндай алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.