Астанада Республика даңғылында болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамдардың үшеуі ауыр хәлде. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары үйге жіберілді.
Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты ауыр және өте ауыр деп бағаланады. Бір пациентке төменгі аяқтың ампутациясы жасалды. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада автобус бағанаға соғылып, 10 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.